{metadescription}
Алматы қоқыс полигонында өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Алматы қоқыс полигонында өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Алматы облысындағы қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында ірі өртті сөндіруге МИ-8 тікұшағы қосылды.

Өңірлік ТЖ департаментінің хабарлауынша, тікұшақ үш тоннаға дейін су тастай алады. Таяуда басталған өртті түні бойы сөндірген. Өрт алаңы үш гектарды құрайды, қоқыс тастайтын жердің жалпы ауданы - 38 гектар. Қазіргі уақытта оқиға орнында 40 өрт сөндіруші, 8 бірлік техника жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ, Іле ауданының әкімдігінен 26 адам бар. 

"Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта жанған ошақтарды қалпына келтіру және топырақпен жабу бойынша іс - шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ТЖД-де.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде