{metadescription}
 Алакөл жылдағыдай турист қабылдайды, егер...

Алакөл жылдағыдай турист қабылдайды, егер...

1-шілдеге дейін Алакөл жағалауында коронавирус анықталмаса, барлық демалыс орталықтары қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алакөл 13 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайтыны туралы айтты. Шығыс жағалауында серуендеу аймақтары және жағажай аймақтары екі шақырымды құрайды дейді ол. Онда бір уақытта 12 мың адамға дейін баруға болатынын жеткізді әкім.

"Осы уақытқа дейін орташа санитарлық деңгейге сай бірде-бір мейрамхана немесе кафе болмады. Бәрі қарапайым. Олар маған үш жыл бұрын Алматы мен Нұр-Сұлтандағы сияқты жағдай жасаймыз деп уәде берген. Ешкім ештеңе жасағысы келмейді", - деп тексеру нәтижелерімен бөлісті Ахметов.

Барлық базалар демалушыларды ПТР немесе жедел тестілеудің теріс нәтижелері болған жағдайда ғана қабылдайды деді Ахметов. Қазіргі таңда Алакөлде демалушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылуда.

"Мобильді медициналық орталықтар ұйымдастырылады, онда қажет болған жағдайда жедел тексеруден өтіп, талдама нәтижесін алуға болады. Сондай-ақ, Қабанбай ауылында біз 12 инфекциялық төсек орын орналастырдық, екі механикалық желдеткіш қондырдық", - деді әкім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде