{metadescription}
«Қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы» – Белгілі ғалым дүниеден өтті

«Қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы» – Белгілі ғалым дүниеден өтті

Ол қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы Құдайберген Жұбановтың ұлы болатын.

Филология ғылымдарының докторы, өмірін математикалық лингвистикаға арнаған профессор Асқар Жұбанов 83 жасқа қараған шағында дүниеде өтті. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының қызметкері Мейрамбек Таубалдиев хабарлады.

«Тектінің тұяғы, асылдың сынығы, белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы дүниеден озды. Бұл – қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы. Қазақ еліне, отбасына, ағайын-туысқа қайғырып көңіл айтамын. Бақұл болыңыз, асыл адам», – деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.

Асқар Жұбанов туралы не білеміз?

Асқар Жұбанов 1937 жылы 13 қарашада Алматыда дүниеге келген. Әкесі Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Асқар Құдайбергенұлы 1955-60 жылдары Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында оқып, физика-математика институтын үздік бітірген.

Оқуды бітірген соң 1960-61 жылдары Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтына жұмысқа орналасып, жоғары математика кафедрасында ассистент-мұғалім қызметін атқарды. 1961-63 жылдары Кеңес армиясы қатарында өз міндетін атқарған соң, институттағы жұмысын жалғастырады. Ол жерде 1967 жылға дейін қызмет етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.