Алматыда және облыста блок-бекеттер қайтадан орнатылды ма
Әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласы мен облысындағы блок- бекеттерді қою туралы ақпарат жоққа шығарылды.
17:06 11.06.2020
Қаскелең, Ұзынағаш, Шамалған бағытында қайтадан блок-бекеттер қойылып, адамдардың жолда қалып, үйлеріне өте алмағаны туралы ақпарат тез тарап кетті. Бұл ақпаратты Алматы облыстық және қалалық поиция департаменті растамады. Қалам маңында, облыста блок-бекеттердің жоқ екенін айтты олар. Және алдағы уақытта блок-бекеттер қойылмайтыны белгілі болды.
Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі коронавирустық инфекцияның өсуі жағдайында күшейтілген карантиндік шаралар қабылданатындығын хабарлаған. Айта кету керек, Алматыға кіру және одан шығу пункттері 1-маусымға қараған түні алынып тасталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!