Алматы мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады
Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
09:49 12.06.2020
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын.
«Алайда Алматы қаласында Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, енді тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі. Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек.
Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты. Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз», - делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!