Елордада 51 жастағы әйел моншадағы бассейнге батып кетті
Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында орналасқан «Керемет» монша кешенінде қала тұрғыны бассейнге батып кеткен.
11:20 12.06.2020
Кеше, 11 маусым кешкі сағат 19:10 шамасында моншадағы бассейнге батып көз жұмған 51 жастағы әйелдің денесі табылған. Бұл туралы хабарлама 102 қызметіне келіп түсті. Кейін анықталғандай, марқұм эпилепсия дертімен ауыратын ІІ топ мүгедегі болып шықты.
Ол моншаға анасымен бірге келген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!