{metadescription}
15 маусым күні Алматыда кинотеатрлар ашыла ма

15 маусым күні Алматыда кинотеатрлар ашыла ма

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар ашылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3051 оқиғасы тіркелді. Жұқтырудың негізгі көзі – адамдар көп жиналатын орындар. Олардың арасында кинотеатрлар бар.

«Әлеуметтік желілерде 15 маусымнан бастап Алматы қаласында кинотеатрлар ашылады» деген ақпараттың тарауына байланысты, оның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу жиілігі бәсеңдемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта қала аумағындағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беру мәселесі қаралған жоқ», - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж.Бекшин.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кинотеатрлар 15 маусымнан бастап жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат тарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде