БҚО-да ер адам өгей қызын 3 жыл зорлап келген
Батыс Қазақстан облысында өгей қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған Жақсыбай Сұлтановқа сот үкімі шықты.
09:26 13.06.2020
Процесс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жабық есік жағдайында өтті. Сот ер адамның 2015 жылы түрмеден босатылғанын атап өтті. Ол бұған дейін екі рет сотталған. Бірінші рет тонау, екінші рет ұрлық үшін. 2016 жылы ол кәмелетке толмаған қызы бар әйелге үйленеді. Ол кезде қыз небәрі сегіз жаста болатын. Отбасы Жангалин ауданына көшіп, онда сотталушы шаруа қожалығында шопан болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін сот хабарлағандай, ер адам өгей қызына 7 рет зорлық-зомбылық жасаған. Алайда ол кінәсін ішінара мойындады. Процесс барысында ер адам қызды өлтірем деп қорқытып, жыныстық әрекеттерге итермелегені белгілі болды.
Ж.Сұлтанов ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сондай-ақ педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Қылмыстық кодекстің 60-бабы негізінде, 2013 жылғы 23 сәуірдегі үкім бойынша сотталушы жазасының өтелмеген бөлігінен 2 жыл мерзімін ішінара қосу арқылы Ж.Сұлтановқа түпкілікті 22 жыл кесілді.
Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Соның ішінде алғашқы бес жылын қауіпсіздігі толық қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот білім беру мекемесі қызметкерлері мен шаруа қожалығы басшысының жауаптылығын тексеру үшін БҚО прокуратурасы атына жеке қаулы қабылдады. Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!