Тоқаев тағы қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтап, барынша мұқият болуға шақырды.
13:14 13.06.2020
«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.
Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары