Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілді
Коронавирус инфекцияның көбеюіне байланысты 15 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.
20:00 13.06.2020
Адам көп жиналатын банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, отбасылық, естелік, салт және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режимде жүреді.
Қызметі тоқтатылды:
- мектепке дейінгі балалар ұйымдары (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі);
- қалалық демалыс саябағы, ойын-сауық нысандары;
- кинотеатрлардың, ойын алаңдарының барлық түрі (аула алаңдарынан басқа);
- түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, букмекерлік кеңселер;
- балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер;
- кейтерингтік қызметтерді және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету,
- діни нысандар;
Жұмыс режимі орнатылған:
9:00-ден 16:00-ге дейін:
- медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- түзету кабинеттері;
- білім беру орталықтары, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары;
9:00-ден 18:00-ге дейін:
- банктік қызметтер
9:00 ден 22:00 дейін:
- азық-түлік дүкендері
10:00-ден 16:00-ге дейін:
- базарлар
10:00-ден 18:00-ге дейін:
- ХҚКО
- медициналық орталықтар
- стоматологиялық клиникалар
- азық-түлік емес дүкендер
- шаштараздар, сұлулық салондары
10:00-ден 20:00-ге дейін:
- сауда объектілері
10:00-ден 22:00-ге дейін:
- мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар;
- сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар.
12: 00-ден 20:00-ге дейін:
- фитнес орталықтары, СПА салондары
2020 жылдың 20 маусымынан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық объектілердің (объектінің жобалық қуаттылығының 50 пайызынан артық емес толтырылуы) жұмысына рұқсат етілсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!