Атырауда 6 жасар қыз дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған
Атырау қаласында 6 жасар қыз жеке үйдің дәретхана шұңқырына құлап қайтыс болған.
09:03 14.06.2020
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 13 маусымда қаладағы «Қара депо» шағын ауданында болған. Жергілікті уақытпен сағат 19:50 шамасында 6 жасар қыз үйінен ойнауға шығып кеткен. Алайда, оны туыстары таба алмай қалған.
«Іздестіру барысында 6 жасар қыздың жеке үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырына түсіп кеткені анықталды. Шұңқырдың тереңдігі – 2 метр. Баланың өлі денесі дәретхана шұңқырынан кешкі сағат 21:50-де шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!