{metadescription}
Оралда полиция автокөлігі жанып кетті

Оралда полиция автокөлігі жанып кетті

Оралда полиция автокөлігі жанып кетті.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусым күні сағат 16.05-те Гагарин көшесіндегі Департаменттің патрульдік полиция батальоны әкімшілік ғимаратының ауласында болған. «Шкода Октавия» патрульдік автокөлігі өртенді. 2014 жылы шығарылған автокөлік батальонға бекітілген. Батальон инспекторы автокөлікті қойғаннан кейін түтін шығып, жана бастаған. Өз күштерімен өртті сөндіре алмаған. «Тілсіз жауды» БҚО ТЖ департаменті №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ауыздықтады.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Аталған дерек Орал полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі мәлімет бойынша сымның тұйықталуынан от шыққан. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Оған қоса департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның себептерін анықтауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде