{metadescription}
«Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

«Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

Фабриканың 1 450 қызметкері тест тапсырған, нәтижесінде коронавирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері жоқ науқастар анықталды.

«Рахат» кондитерлік фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты, өйткені кәсіпорын қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандар анықталды. 

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың анықталуына байланысты «Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылғанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Әуелі температурасы жоғары сегіз адамды жұмысқа кіргізбеген. Одан кейін қызметкерлерді жаппай тестіден өткізе бастайды, жалпы 1 450 адамды тексерген.

«Инфекция жұқтырғандардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Кәсіпорын қызметкерлері үй карантиніне жіберілген.

«Фабрика әкімшілігі жұмысты 15 маусымға дейін тоқтату шешімін шығарды», - деп қосты әкімдіктегілер.

Фабрика жұмысын эпидемияға қарсы іс-шараларды толық өткізгенше дейін уақытша тоқтату туралы қаулы берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде