UFC: Қазақстандық Мария Агапова үш минуттың ішінде қарсыласын жеңді
UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетті.
11:24 14.06.2020
Мария Агапова UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жетті. Ол бүгін таңертең Американың Лас-Вегас қаласында көрерменсіз өткен UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды. 23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті. Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды. Ал Сайферс осымен алтыншы рет жеңіліске ұшыраған.
Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз. Ол әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!