Шығыс Қазақстанда 8 жасар қыз көлге батып кетті
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 жасар бала суға кетті.
15:19 14.06.2020
Департаменттің мәліметінше, кеше Ұлан ауданының тұрғыны баласының Дубығалы көлінде жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Таврическое ауылының құтқарушылары бірден баланы іздеуге кірісті. Олар көлдің айналасын, жағалауын, тау-тасты түгел аралап, баланы іздеді. Содан кейін Өскемен құтқару жасағының сүңгуірлері су астынан қарай бастады.
«2012 жылы туған қыз баланың денесі жағалаудан 5 метр жерде үш метр тереңдікте жатыр екен. Қайғылы оқиғаға баланың қараусыз қалып қоюы себеп болған. Бұл мәселені аймақ құтқарушылары үнемі айтып, ата-аналарға ескертіп келеді. Биыл өңірде баланың суға кетуі бірінші рет тіркеліп отыр», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар ата-аналарға жағалауда демалған кезде барынша абай болып, баласын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!