ҚР Премьер-Министрі коронавирусқа тест тапсырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда.
20:20 14.06.2020
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-Министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс. Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!