Жер сілкінісінен 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды
Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақаттанған.
10:49 15.06.2020
Бингөл провинциясының губернаторы Кадира Экинджидің мәлімдеуінше, жер сілкінісінен бір адам көз жұмып, тағы 18 адам жарақат алған Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Дүмпу жақын маңдағы аудандарда сезілді.
Зілзаладан кейін магнитудасы төмен 46 жер сілкінісі болған. Табиғи апаттан келген шығынның мөлшері есептеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!