Қазақстанда көпбалалы аналар 94 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды
Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды.
11:12 15.06.2020
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.
"2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы 93,9 млрд теңгеге көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Мамыр айында жәрдемақының бұл түрін 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 млрд теңгеге алды", - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.
Бұл әлеуметткік көмекке табысына қарамастан 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады.
"Төлем мөлшері 44 532 мың теңгеден (4 бала) 77 951 мың теңгеге дейін (7 бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде болады. Осылайша, бүгінгі таңда тиісті жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Тиісті заңға мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында қол қойды", - деді министрлікте.
Айта кетейік:
- 8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы - 88 896 теңге,
- 9 балаға – 100 008 теңге,
- 10 балаға – 111 120 теңге,
- 11 балаға - 122 232 теңге,
- 12 балаға – 133 344 теңге,
- 13 балаға – 144 456 теңге,
- 14 балаға – 155 568 теңге,
- 15 балаға - 166 680 теңге,
- 16 балаға – 177 792 теңге төленеді.
Жалпы, Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері ол тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома ағымдағы жылдың шілде айында аударылады. Атап айтқанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд теңге қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!