Қытайда коронавирустың жаңа толқыны өте қауіпті екені ескертілді
Бейжің билігі Фэнтай ауданындағы "Синьфади" базарында COVID-19 жаппай тарауына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
12:08 15.06.2020
"Пекиндегі "Синьфади" базарындағы кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары", - деді Пекин үкіметі баспасөз қызметінің басшысы Сюй Хэцзянь.
Ол биліктегілердің сол базарда және базардың маңындағы аумақтарда эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Сондай-ақ, инфекцияның қайдан тарағаны анықталатыны айтылады. Сондай-ақ, Пекин үкіметінің өкілдері 14 маусымда қалада 76 499 адам коронавирусқа тексерілген. 59 адамнан коронавирус анықталған.
11 маусымға дейін Пекинде 56 күн бойы коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жергілікті жағдайы тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта "Синьфади" базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!