Баянауыл демалыс орындары 16 маусымнан бастап жабылады
16-маусымнан бастап Павлодар облысы курорттарындағы барлық демалыс үйлері санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша жабылады.
13:23 15.06.2020
Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов әлеуметтік желіде аудан тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады.
«Төтенше жағдай режимін алып тастағанына қарамастан, біздің облыстағы эпидемиологиялық жағдай да өзекті болып қалуда. Өзіміз бен айналадағы адамдарды коронавирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусым сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылды. Бұл - бірінші кезекте өзіміздің амандығымыз үшін өте маңызды», - деді әкім Қанат Кәрімов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!