{metadescription}
Коронавирус жұқтырып алсаңыз не істеу керек

Коронавирус жұқтырып алсаңыз не істеу керек

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда қандай әрекет жасау керектігін жария етті.

Қала әкімшілігі қысқа ғана жаңа нұсқаулық жариялады. Егер коронавирус инфекциясының оң нәтижесін алсаңыз, сізге:

  • үйде болып, ешқайда шықпау керек;
  • аумақтық емханаға немесе учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, сынама нәтижесі туралы хабарлау қажет.

Емхана дәрігері ауру белгілерінің болуына немесе болмауына байланысты медициналық бақылау жүргізіп, ауруханаға жатқызудың одан кейінгі әрекеттерін нақтылайды. Аурудың клиникалық белгілері болмаған жағдайда симптомсыз адамдар аумақтық емхана дәрігерінің қашықтан қадағалауымен үйде болады.

«Мұндай алгоритмді сақтау қаланың медициналық ұйымдарының ресурстарын ұтымды пайдалану және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажет», – делінген хабарламада.

Елордада КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Кейінгі аптада ЖРВИ мен пневмания белгісімен жүгінетін адамдардың көбеюіне байланысты қаланың медициналық ұйымдарының базасында 400 төсек орыны жасақталған.

Ол орындарда:

- кеуде клеткаларының ағзасы зерттеліп, коронавирус инфекциясы бойынша анализ алынады;

- ауыр дәрежедегі ЖРВИ немесе пневмония анықталған жағдайда науқастар провизорлық стационарға жатқызылып, сонда ем алады.

- КВИ расталған жағдайда олар инфекциялық стационарға ауыстырылады;

- ауруды жеңіл көтеретін және патология белгісі жоқ адамдар «үйдегі стационарға» ауыстырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде