{metadescription}
Алматыда ХҚКО, базарлардың, сауда орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылды

Алматыда ХҚКО, базарлардың, сауда орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, ол қаладағы карантин режимін күшейтуге бағытталған.

Құжатқа сәйкес, барлық азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар демалыс күндері 9-18 сағат аралығында, жұмыс күндері 9-16.00 аралығында ашық болады. Сауда, ойын-сауық орталықтары 10.00-21:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Бұл жерлерде қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары жабық болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы онлайн форматқа ауысуы керек, он-лайн режимінде қызмет көрсету уақыты сағат 10-нан 16:00-ге дейін шектелуі керек. Коммерциялық банктер өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруға міндеттеледі.

Сондай-ақ, компьютерлік залдар, боулинг, букмекерлік кеңселер, банкет залдары, бильярд залдары, караоке орталықтар жабық болады. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың бөлімшелері өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне көшіруі тиіс. Шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.