«Рахат» фабрикасының 500-ге тарта қызметкері вирус тасымалдаушы болған
Алматы бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «Рахат» фабрикасындағы ахуалға қатысты түсінік берді.
18:50 15.06.2020
Мұның алдында «Рахат» фабрикасында коронавирус инфекциясы табылуына байланысты фабрика жұмысы тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
«Рахат фабрикасында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 10 адамнан КВИ анықталған. Бірінші, фабриканың бір қызметкері жоспарлы операцияға түскен кезде одан вирус табылған. Кейін зауытқа кіреберісте тұрған тепловизор арқылы тағы 8 адамның қызуы жоғары екені анықталды. Сол сәтте жедел жәрдем шақырылған. Қызуы көтерілген жұмыскерлердің барлығында коронавирус инфекциясы бар екені анықталды», - деді ол.
Оның айтуынша, фабриканың 1500-ге жуық қызметкері тексерілген. Олардың ішінде 467 адамнан вирус табылды. Оларда симптом белгілері болмаған. Олардың барлығы үй карантиніне жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары