Коронавирус жұқтырған Біртановтың жағдайы белгілі болды
15 маусымда кешке денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулық жағдайы қалыпты деп бағаланды.
09:14 16.06.2020
Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.
Елжан Біртановтың Нұр-Сұлтандағы стационарда емделіп жатқандығы нақтыланды. Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.
Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары