{metadescription}
Ақтөбе тұрғыны қызды зорламақ болған қаскөйдің жолын кесті

Ақтөбе тұрғыны қызды зорламақ болған қаскөйдің жолын кесті

Ақтөбеде Ұлттық гвардияның әскери қызметшісі ефрейтор Андрей Петров кездейсоқ қылмысқа куә болып, қызды оны зорламақ болған қаскөйден құтқарып қалды.

Оқиға 15 маусым күні түнде болған. Ер адам балконға шығып, кенеттен әйелдің айқайын естіген. Ол бір сәтке де күмәнданбай, үйінен аяқ киімін киіп, жүгіріп шыққан. Үйдің жанындағы бұталардың арасында ол ер адамның қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасап жатқанын көрген. Қаскөйге жүгіріп келген әскери қызметші оны итеріп жіберіп, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің көмегімен қолын арқасына қайырған. Содан кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция қызметкерлерінің нарядын шақырды. Полиция қызметкерлері келгенге дейін ұсталған азаматты жерде ұстап тұрған. Арам ойлы азамат қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.

"Қажет болған жағдайда кез келген адам мен сияқты әрекет ететініне шын жүректен сенемін. Бұл ерлік емес. Бұл әр адамның намысының ісі - жақынына көмектесу. Бей-жай қалмаңыз, өтіп кетпеңіз!", - деді ефрейтор.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шегуші полицияға арыз жазып, өзін құтқарған гвардия қызметкеріне алғысын білдірді. Ефрейтор Петровқа қырағылығы, батыл, сауатты іс-әрекеттері және белсенді азаматтық ұстанымы үшін салтанатты жағдайда грамоталар мен бағалы сыйлық табыс етілді.

Дереккөз: Stan.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде