{metadescription}
Павлодар облысында карантиндiк шаралар күшейтілуі мүмкін

Павлодар облысында карантиндiк шаралар күшейтілуі мүмкін

Жағдайдың одан әрі ушығуы карантиндi күшейтуге және шектеу шараларды қайта енгiзуге әкелуі мүмкін.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы аптада коронавирусты жұқтырудың 112 жаңа жағдайы тіркелді. Індеттен қайтыс болғандардың саны 13-ке жетті. Бұл аймақтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш, республика бойынша екінші орындамыз. Бүгін мен коронавирусты алдын алу мәселесіне арналған аймақтық жедел штабтың отырысын өткіздім. Оның барысында қалалар мен аудандардың әкімдеріне, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ прокуратура органдары үлестіретін бақылау топтарына бірқатар тапсырмалар бердім. Өңірде коронавируспен күресудің кешенді жоспары қабылданды және қазіргі жағдайға қатысты барлық пікірлер ескерілді», - деді әкім желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, әкім жағдайдың одан әрі ушығуы карантиндi күшейтуге және шектеу шараларды қайта енгiзуге әкелуі мүмкін ескертті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.