{metadescription}
Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

«Асхат Ораловтың дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Байланыста болған адамдар анықталды, қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда әкіммен байланыста болған тұлғалар анықталып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Нәтижелері кейінірек жарияланады. Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулерден бас тартылады.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде