Тоқаев: Үкімет коронавирус бойынша жаңа шараларды жариялайды
Үкімет ертең эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты шараларды жариялайды.
19:46 17.06.2020
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Соңғы бірнеше аптада Қазақстанның бірқатар аймағында карантин талаптары күшейтілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары