Қостанай облысында блок-бекеттерді қайтадан орнатып жатыр
Қостанай облысындағы тас жолда блок-бекеттерді орнатып жатыр.
08:38 18.06.2020
Кадрларда бетон плиталар мен вагонның Қостанай-Рудный тас жолына қалай жеткізілгені көрсетілген.
"Тағы да не болып жатыр? Әкімдік машинасы бар. Блок-бекеттерді қойып жатыр. Тағы да бұрынғыдай жалғасуда", - дейді кадр сыртында ер адам.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 18 маусымда Қостанай облысының жедел штабының отырысы өтеді. Бұған дейін мемлекет басшысы үкімет коронавирусқа қарсы жаңа шаралар жариялайтынын мәлімдеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!