Түркістан облысында карантин күшейтілді
Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 бұйрығымен аймақта шектеу шаралары күшейтіліп, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин қайта енгізілді.
12:37 18.06.2020
Шешімге сәйкес, қаулы 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қояды және он төрт жасқа толмаған балалардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп жиналуға болмайды.
"Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, жағалауларда жүруіне тыйым салу. Қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, скверлердің, жағалаулардың, субұрқақтардың және азаматтардың басқа да демалыс орындарының жұмысын тоқтату шаралары жүргізіледі", - делінген құжатта.
Сонымен қатар, аптаның алты күні ішінде сағат 10-нан 17-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы шектеледі. Аптаның жетінші күні санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасау үшін олардың қызметі толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ, 10-нан 17-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектеулі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары