{metadescription}
Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі

Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның бірқатар қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:

  •  сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
  •  қоғамдық тамақтану орындары тек даладаәрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
  • қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
  •  қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
  •  фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
  •  65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:

  •  қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
  •  65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

  •  медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
  •  ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
  •  меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
  •  жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  •  үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
  •  халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде