Елбасы коронавирус жұқтырды
Елбасының соңғы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен, қазір ол қашықтан жұмыс істеп жатыр.
13:05 18.06.2020
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус табылды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
"Қазіргі таңда Қазақстанның тұңғыш президенті өзін оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ", - делінген хабарламада.
Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!