{metadescription}
Алматыдағы шектеулер 20-21 маусымнан кейін созыла ма

Алматыдағы шектеулер 20-21 маусымнан кейін созыла ма

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында 20-21 маусымдағы шектеу шараларын қай жағдайда одан әрі жалғасатыны айтылды.

«Біз бұл ахуалды жіті бақылап отырмыз. Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 %–тен асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5% болып тұр. Қала билігі осы көрсеткішті 1%-ке дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр.

«Алайда барлық қауіп - симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр. Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін», - деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды. Осыған байланысты қала әкімі карантин шаралары туралы мәлімдеме жасаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде