Алматыда блокпостар қойыла ма
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға облыстан кіретіндерге және шығатындарға шектеу болмайтынын айтты.
18:28 18.06.2020
Онлайн брифинг барысында журналистер қалада блокпостар қойыла ма деген сауал қойған болатын.
«Жоқ. Қала сыртында блокпостар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін еркін кіріп шыға алады», - деді Ж.Бекшин.
Айта кету керек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!