{metadescription}
Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды: Жалпы көз жұмғандар саны - 105

Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды: Жалпы көз жұмғандар саны - 105

Қазақстанда коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды.

Нұр-Сұлтан қаласында - 1988 жылы туған ер адам, Қарағанды облысында - 1956 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында - 1962 және 1965 жылдары дүниеге келген ер адамдар, Ақмола облысында - 1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен онлайн брифинг барысында 20-21 маусымдағы шектеу шараларын қай жағдайда одан әрі жалғасатыны айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде