Алматыдағы Көк базар бір айға жабылды
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базар қызметкерлері арасында коронавирустың тарауына байланысты қандай шара қолданылғанын айтты.
09:14 19.06.2020
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада азаматтардың өзін-өзі емдеп, дәрігерге қаралмауы және жұмыс орындарында індет ошақтары пайда болуы салдарынан аурудың күрт өсімі байқалады.
"Мысал ретінде, екі аптаға жабылған "Рахат" фабрикасын алсақ болады. Келесі бір мысал - соттың шешімен бір айға жабылған Көк базар. Санитарлық-эпидемиологиялық нұсқауды және талаптарды орындамағаны үшін 1 миллион 727 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді Бекшин.
Бекшин қазіргі ең маңызды міндет - алдын алу шарасын қолдану екенін айтты. Бұрын базар әкімшілігінде 20 адам КВИ жұқтырғаны хабарланған болатын. Сатушылар арасынан ауру тіркелген жоқ. Базар әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің бір қызметкері қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары