Премьер-Министр мен бірқатар министр оқшаулар режимінен шықты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.
10:58 19.06.2020
COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Садық Әкежанов хабарлайды.
Сондай-ақ, бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады.
Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!