{metadescription}
Қазақстандa коронавирусқа қарсы вакцина тышқандарға сыналды

Қазақстандa коронавирусқа қарсы вакцина тышқандарға сыналды

Қазақстандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Министрдің сөзінше, қазіргі таңда биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттейтін институт ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеп жатыр Бірінші инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылы 15 мамырда өз тізіміне ресми енгізді. Аталған кандидаттық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы сәтті өтіп жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Клиникаға дейінгі сынақ 15 мамырда басталған. Алдымен, тышқандарға егіліп, вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілді.

"2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді", - деді министр.

Аймағамбетовтің мәліметінше, вакцина маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, ары қарай оның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Ал қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу жоспарда бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.