Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстауда әйел туған баласын беріп, кредитін жаппақ болды
Маңғыстау облысында кредитін өтеу үшін сәбиін басқа әйелге берген ана полицияға жүгінді.
12:43 19.06.2020
Баланың анасы екі банктен алған 907 мың теңге кредитін өтеу үшін жақын танымайтын әйелге сәбиін асырап алуға берген. Алайда ол уәдесін орындамаған.
"Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қос тараптан да ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деп мәлімдеді полициядан.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленумен үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Адам саудасымен байланысты қылмыстарды әшкерелеумен ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері айналысады. Олар басқа қызметтерді тарту арқылы тоқсан сайын "STOP трафик" жедел-алдын алу шарасын өткізеді. Қазақстанда кезекті ауқымды операция маусым айының ортасында жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер адам судасына қатысты 50-ден аса қылмысты анықтады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram