{metadescription}
БҚО-да қожалық басшысы ер адамды жеті ай бойы құлдықта ұстаған

БҚО-да қожалық басшысы ер адамды жеті ай бойы құлдықта ұстаған

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы 43 жастағы ер адамды жеті ай бойы құлдықта ұстаған.

Бас бостандығынан заңсыз айырылған ерадам күн сайын 18 сағат бойы мал баққан. Күдікті оны өзі ойлап тапқан қарызды өтейсің деп қысып ұстаған, тыңдамаса, жазалаған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағанындай, оқиға Ақжайық ауданында болды.

Полиция қызметкерлері «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде аталған деректі 11 маусым күні анықтаған. 1982 жылғы тұрғын 43 жастағы ер адамды еңбек етуге пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айырған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 126-бабына (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.