Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада ипотекаға «арзан үй алып беретін» әйел ұсталды
Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың бірнеше фактісі бойынша 51 жастағы әйелді ұстады.
14:44 19.06.2020
Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ әйел азаматтарға төмендетілген стакамен банктен ипотекаға пәтер алып беретінін айтқан. Өзінің «қызметі» үшін 300 мыңнан бастап 1,5 млн теңгеге дейін ақша алып отырған.
«Қазіргі уақытта оның алаяқтығы бойынша 9 факті тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр», - деді департаменттен.
Қаланың тәртіп сақшылары осындай қылмыстардан зардап шеккен адамдар болса Бейбітшілік, 19 мекенжайындағы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-60-87, 20-22-96, 8-775-000-14-06, «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram