{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус инфекциясына қатысты хабарлама жасады

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус инфекциясына қатысты хабарлама жасады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Лязат Ақтаева елдегі коронавирус инфекциясына қатысты хабарлама жасады.

Вице-министр еліміздегі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу, оларды ауруханаға орналастыру жөнінде ақпарат берді. Оның сөзінше, әзірге ауруханаларда орын жеткілікті.  

"Медициналық көмекті ұйымдастырудың екі жолы бар. Коронавирус болуы мүмкін деген адамдар үшін провизорлық және коронавирус анықталғандарға инфекциялық ауруханалар жұмыс жасауда. Қазіргі таңда елімізде 35 мың 226 орын бар. Олардың ішінде 37 пайызы толған, қалғаны бос. Инфекциялық стационарларда 7 мың 544 орын бар. Қазіргі таңда олардың 75 пайызы бос емес. 373 реанимациялық орын бар", - дейді Ақтаева. 

Сонымен қатар, Лязат Ақтаева қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, жасы үлкен кісілердің үйде отыруын қадағалауды сұрады. Ол коронавирустың симптомсыз немесе жеңіл түрімін ауырып жатқандарды үйдегі карантин режимін бұзбауға шақырды. 

"Карантин шараларды сақтауларыңызды өтінемін. Жақындарыңыздың адам көп жиналатын жерге бармауын қадағалауларыңызды сұраймыз. Коронавирус байқалған жағдайда бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласуларыңызды өтінеміз. Коронавирустың симптомсы немесе жеңіл түрімен ауырған адамдарға да талаптар бойынша емдеу жүргізуін сұраймыз", - дейді Лязат Ақтаева. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде