{metadescription}
Ақмола облысында 79 жастағы кейуананы ит талап өлтірді

Ақмола облысында 79 жастағы кейуананы ит талап өлтірді

Ақмола облысында 79 жастағы кейуананы ауладағы ит талап өлтірді.

«Бұл туралы маусымның 18-де Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне учаскелік инспектор хабарласып, Щуйское ауылындағы тұрғын үйдің ауласында 79 жастағы кейуананың денесі табылғанын айтты. Айтылған жерге барған тәртіп сақшылары маусымның 18-де сағат 14:00 үйдің ауласында байлаулы тұрған 2 жасар «Алабай» тұқымды төбеттің шынжырды үзгенін анықтады. Қария оны байламақшы болған кезде, ит оны мойын тұсынан бірнеше рет тістеп алған, ол сол жерде көз жұмған», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, аталмыш оқиға адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Зейнткердің денесі мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде