{metadescription}
Орал тұрғыны қызғаныштан адам өлтіріп, мәйітті әжетханаға тастап жіберген

Орал тұрғыны қызғаныштан адам өлтіріп, мәйітті әжетханаға тастап жіберген

Орал қаласында адам өлтіріп, мәйіті әжетхана шұңқырына лақтырып тастаған М.Әжібаев 14 жылға сотталды.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, оқиға 2019 жылы 2 қараша күні кешкісін болған. Шамамен сағат 20:30-да күдікті М.Әжібаев Ә.Кердері көшесі 79-үйдің жанынан Е.Құсанованы А.Жолаевтың қасынан көріп, қызғанған. Ол ер адамды танымайтын еді. Содан кейін күдікті Е.Құсанованы осы үйдің ауласына сүйреп кіргізіп, жанында болған ер адамды аяқ-қолымен ұрып-соққан. А. Жолаев құтылуға әрекет жасап, үйдің ауласына кірген мезгілде М.Әжібаев пышақпен сол жақ иығына бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші иық қан тамырынан алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырған. 

М.Әжібаев А.Жолаевтың өлгеніне көз жеткізіп, құны 100 мың теңге тұратын «Samsung Galaxy J2 Prime Duos» ұялы телефонын жымқырып кеткен. Сосын қылмыстың ізін жасыру мақсатымен марқұмның мүрдесін әжетхана шұңқырына лақтырып тастаған.

Судья Шара Зайнуллинаның айтуынша, М.Әжібаев өз айыбын толық мойындамағанына қарамастан, оның кінәсі сотта дәлелденді. Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) және 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес айыпты деп танылды. Сот жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін, сотталушының жеке басы мен ауырлататын мән-жайларды ескерді.

ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес 8 жылдан 15 жылға дейін жаза көзделген. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес жазаны ішінара қосу арқылы М.Әжібаев түпкілікті 14 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 14-бабы 2-бөлігі 2-тармағында көзделгеніндей, М.Әжібаевтың іс-әрекетінде қауіпті рецидив танылғандықтан, жазасын төтенше жағдайдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Айта кетейік, сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде