{metadescription}
Ертеңнен бастап түлектер ҰБТ тапсыра бастайды
Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі. «Алғашқы күні ҰБТ-ны тек 6,5 мың адам тапсырады. Талапкерлер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтеді. Санитарлық шаралар күшейтілді», - деп мәлім етті ведомстводан. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35% дейін толтырылады. Министрліктің мәліметінше, ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.
10:34 20.06.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!