{metadescription}
Елімізде халықаралық рейстер ашыла бастады

Елімізде халықаралық рейстер ашыла бастады

20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады.

17 маусымда комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылатынын хабарлаған болатын.

Алматы халықаралық әуежайының сайтындағы нақты кестеге сәйкес, бүгін қазақстандықтар Анталия (Түркия) мен Дубайға (БАӘ) ұшып бара алады, ал ертең Алматыдан Стамбул мен Анталияға ұшуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, бүгін Дели мен Стамбулға рейстер бар. Комитеттің ақпаратына сәйкес, авиабилеттерді сату алдын ала басталды. Сонымен қатар, ҚХР тарапынан шектеу шараларына байланысты қазақстандық және шетелдік әуетасымалдаушылардың кестесі қаралу сатысында.

"Рейстер Қазақстан мен шет мемлекеттер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚР көліктегі бас санитар дәрігері осы елдердегі жағдайды қадағалайтынын және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтеміз", - деді комитетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.