Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыптылар элиталық дүкендерден киім ұрлап, базарда сатқан
Елордалық полицейлер сауда үйлерінің бутиктерінен элиталық киімдерді ұрлады деген күдікпен ерлі-зайыптыларды ұстады.
14:49 20.06.2020
Нұр-Сұлтанның полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар күндізгі уақытта сауда-ойын-сауық орталығының бутиктеріне кіріп, қымбат ерлер мен әйелдер киімдерін таңдаған. Арнайы құрал көмегімен киім ауыстыру бөлмесінен қорғаныс құралдарын алып тастаған.
«Ұрланған киімді ерлі-зайыпты базар маңында арзан бағамен сатқан және кейбірін өздері киген. Қазіргі уақытта келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Күдікті деп танылған 29 жастағы ер адам мен 26 жастағы оның әйелі ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық жасау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, елорда аумағындағы өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!