Таразда ашынған жұмысшылар базарды ашуды талап етті
Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті.
19:21 20.06.2020
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады, онда наразы топ Тараздағы базарға жиналған. Олар базардың жабылуы туралы жаңалыққа наразы болды. Жамбыл облысы әкімдігінің түсіндіруінше, Тараз қаласындағы базар қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен ауырғандар тіркелді. Сондай-ақ мониторинг топтарының тексеру барысында бірқатар сауда орындары мен базарларда санитарлық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздіктің көптеген бұзушылықтары анықталды.
"Осыған байланысты Тараз қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері анықталған ереже бұзушылықтарды жою үшін 20 және 21 маусымда базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл ақпарат базар иелеріне жеткізілді. Алайда базарлардың бірінің әкімшілігі қызметкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Осыған байланысты базар қызметкерлері наразылық білдіріп, түсінбеушілік танытты", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.
Осы оқиғадан кейін базар қызметкерлерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков кездесті. Кездесу соңында заңбұзушылықтарды жою және карантиндік шараларды сақтау шартымен базар жұмысын жалғастыру туралы мәмілеге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, базар жұмысшыларының кәсіподағымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесті. Өңір басшысы халықтың денсаулығы үшін барлық санитарлық талапты сақтау қажеттігін түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары