{metadescription}
Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Қазақстанның үш өңірінде тағы 5 адам коронавирустан қайтыс болды.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирустан тағы 5 науқас көз жұмды:

- Нұр-Сұлтан қаласында - 54, 64 және 78 жастағы ер адамдар;

- Ақмола облысында - 65 жастағы әйел;

- Алматы қаласында - 60 жастағы ер адам.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырудың барлығы 16779 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жазылып шықты - 10671 адам, көз жұмды - 118 науқас. Қайтыс болғандар бойынша өңірлердегі статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 32
  • Алматы қаласынданда – 18
  • Шымкент қаласында – 13
  • Ақмола облысында – 8
  • Ақтөбе облысында – 1
  • Атырау облысында – 3
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1
  • Жамбыл облысында – 1
  • Батыс Қазақстан облысында – 6
  • Қарағанды облысында – 10
  • Қостанай облысында – 2
  • Маңғыстау облысында – 2
  • Павлодар облысында – 13
  • Түркістан облысында – 8

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде