{metadescription}
Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жүргізіліп жатыр

Ең алдымен, халық көп жиналатын орындар – саябақтар, аялдамалар, алаңдар, автобустар дезинфекцияланады.

Нұр-Сұлтан қаласында ондаған дезинфектор, оның ішінде әскерилер және өрт сөндірушілер тағы бір ауқымды дезинфекция жүргізіп жатыр. Алдымен адам көп жиналатын, инфекцияның таралу ошағы болуы мүмкін орындар өңделеді:

  • саябақтар,
  • алаңдар,
  • аялдамалар,
  • автобустар,
  • қоғамдық орындар және т.б. 

Сондай-ақ, қаланың санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, сауда орталығы, базарлар және басқа да қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізіледі.  

"Инфекция қаупі жойылған жоқ, жұқтырғандар да, қайтыс болғандар саны да өсуде. Егер бұрын адамдар COVID-19 туралы тек жаңалықтан білсе, қазір бұл инфекциямен туыстарының немесе достарының біреуі ауырып қалғанда, жақын байланыста болғандар тізіміне енген кезде бетпе-бет келеді. "Карантиндік демалыс" деп аталатын екі күн инфекцияның таралуын баяулатады. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек! Себебі санитарлық нормалардың сақталмауы науқастар санының көбеюіне әкеледі", – деп ескертті астананың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Еске салсақ, 20-21 маусымда қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды, дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерін қоспағанда, қоғамдық көліктер мен барлық кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Барлық қоғамдық орын жабық: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да халық көп жиналатын орындар.

Қалада демалыс күндері тұрғындардың жүріп-тұруы шектелген, тек өз автокөлігімен жұмыс орнына дейін (жұмыстан анықтамасы болуы тиіс) баруға, жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне шығуға, медициналық қызмет алуға ғана рұқсат етіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде